#
#
Сенбі 15/08/2020

Көкшетау тұрғыны тапшы дәрілерді түнде тығылып сатқан

  • 07.07.2020
  • 0
  • 246

Көкшетауда дәрілік препараттардың заңсыз сатылғаны анықталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводан атап өткендей, Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді заңсыз баға қосып сатқандарды анықтап, жауапқа тарту туралы тапсырмасына орай, ақмолалық полицейлер жедел алдын алу шарасын бастады.

«6 шілдеде полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 42 тұрғынының дәрілік препаттарды баға қосып сатып жатқандығын анықтады. Олардың арасында өз үйінде «дәріхана» ашып, түнгі уақытта препараттарды сатумен айналысқан ер адам бар. Жедел алдын алу шарасы кезінде кәсіпкер ұсталып, оның заңға қайшы қызметі әшкерленді», - деп атап өтті департаменттен.

Ұсталған адамның үйін тінту кезінде ақша мен дәрілік препараттар: 30 қорап Ибуфен, 10 қорап Асперин және 10 қорап Парацетамол таблеткалары тәркіленді. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу шаралары жалғасуда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар