16 там, 2022 сағат 10:53

"Көк паспортым қолымда". Бекболат Тілеухан төлқұжатын көрсетті


Бекболат Тілеухан Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы алдында өзіне жабылған жалаға жауап беріп, төлқұжатын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Көңіл орнында, көк паспорт қолымда! Жалаға жасымаймыз", - делінген Instagram-парақшасында. 

"Мынау - Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы, осында бір шаруаларыммен келдім. Азаматтығымды айырбастағам жоқ. Қисынсыз жалаға сенбеңіздер. Көк паспортым қолымда, жұмысым орнында", - дейді ол видеода. 

Бекболат Тілеуханов Ыстамбұлда жұмысымен жүргенін, ешқандай паспорт алмағанын айтты. Желі қолданушылары оны қолдап, пікір жазған.

"Елге келіп, спорт саласында қызмет етсеңіз керемет болар еді", "Қазақ тілінің жанашыры, аман болыңыз, аға", "Кезінде халыққа жақпай қойған кейбір заңнамалардың бетін кайтаруға атсалысқаныңыз үшін дән ризамыз", "Жасай беріңіз, аға", "Бәке, жұмысыңыз берекелі болсын", - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.