26 жел, 2020 сағат 11:41

Қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян шегуге тыйым салынды

Елімізде қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің коронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулыда айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

 

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз етсін», - делінген қаулы мәтінінде. 

 

 

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады. 

Еске салсақ, бүгін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қазақстан халқы арасында коронавирус инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды.