12 қар, 2020 сағат 19:19

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты партиялар рейтінгін анықтайтын сауалнама жүргізді

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты партиялық рейтингтердің кезекті бөлімін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауалнама Институттың жеке қаражатына 2020 жылдың қазан айында сұхбат түрінде (face-to-face) жүргізілді, репрезентативтік іріктеу бойынша 1200 респондент алынды, қателік +/- 2,82% құрады.

«Егер сайлау келесі жексенбіде өткізілсе, онда сіз қандай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұраққа басым көпшілігі, яғни 72,1% респондент Nur Otan партиясына дауыс беретінін айтты. Басқа партиялардың рейтингілері: Ақ жол - 5,1 %; ҚКХП (Халық партиясы) – 2,9%; Ауыл – 2,7%; ЖСДП – 2,3%; Бірлік (Адал) – 1,9% болды. 13,0% респондент үшін таңдау жасау қиынға соқты.

Электоралдық сауалнамаларда негізгі мәселелердің бірі - сайлаушылардың қалай дауыс беретіні ғана емес, олардың сайлау учаскелеріне баруы/бармауы болды. Өйткені, ауа райынан бастап көптеген кездейсоқ факторлар әсер етуі мүмкін.

Сайлаушының сайлау учаскесіне жетуге күш-жігер табуына не кедергі болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін маңызды міндет болып табылмайды. Оқулықтарда сипатталған классикалық мысал – американдық полстерлер (қоғамдық пікірді зерттейтін мамандар) қолданатын қатысуды болжау моделі – Джордж Гэллап жарты ғасыр бұрын ұсынған ықтималды сайлаушы моделі, оның көмегімен Дж. Гэллап 1936 жылы Президенттікке үміткерлердің бірі – Ф. Рузвельттің нәтижесін дәл болжады. 

Содан бері модель жаңартылды, бірақ оны құрудың жалпы принциптері өзгеріссіз қалды. 

Модель респонденттің сайлауға қатысу немесе қатыспау ниеті туралы сұрақтардың нақты жиынтығына негізделген. Сауалнаманың болжамды блогының сұрақтары ондаған жылдар бойы нақтыланды. Әдеттегі жиынға дауыс беру ниеті туралы сұрақтан басқа, респондент сайлау туралы ойлай ма, оның сайлау учаскесі қайда екенін біле ме, оның өзі қаншалықты жиі дауыс береді, соңғы сайлауда дауыс берді ме, жоқ па деген сияқты басқа да сұрақтар кіреді. 

Сонымен қатар, Дж. Гэллап моделі, қоғамдық пікірді зерттеу саласында аты жоғары беделге ие болса да, үнемі перманенттік сынға ұшырап отырады. Бұл сынның мәні модель тұрақты нәтиже бермеуі - сандар сауалнамалармен бірге өзгереді және кейде күрт құбылып отырады. Мұны түсіндіретін болжамдардың бірі – сайлау көңіл-күйі өте турбулентті, яғни барлық сайлаушылар өздерінің ниеттері мен саяси қалауларын алдын-ала нақты айта алмайды.

Біз өз сауалнамаларымызда «Егер келесі жексенбіде парламенттік сайлау өткізілетін болса, сіз дауыс беруге барасыз ба?» деген сұрақ арқылы әлеуетті қатысуды өлшейміз. Жауап нұсқалары үшін бес сатылы шкаланы қолданамыз – «Иә», «Дәлірегі, иә», «Дәлірегі, жоқ», «Жоқ», «Жауап беруге қиналамын».

Қазан айында жүргізілген өлшеу нәтижелеріне сәйкес, сайлаушылардың бару ықтималдығы 66,7%-ды құрайды, респонденттердің бұл бөлігі дауыс беруге қатысу ниеті туралы сұраққа оң жауап берді. 15,4% респондент - абсентеистер деп аталады, жауаптары бойынша, олар парламенттік сайлауда дауыс беруге қатыспайды. Қалғандары бұл мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ.