03 қыр, 2020 сағат 12:45

Қоғамдық бақылау тобы демалыс орындары мен базарларда қандай бұзушылықтарды анықтады?

1 қыркүйекте Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған «Қоғамдық бақылау» тобы санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында базарларды, саябақтарды, мектептерді, аквапарктерді аралады. Олардың айтуынша, тамақ сататын шағын орындарда келушілер арасындағы қашықтық сақтау нормалары мүлдем орындалмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық бақылау мүшелерінің айтуынша, 1 қыркүйектде Қызылорда қаласындағы Ескі базар аумағында орналасқан объектілерге мониторинг ұйымдастырылды. Топтың құрамына Қоғамдық бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ішкі саясат басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, аймақтық және жергілікті БАҚ өкілдері кірді. Сауда орталықтарында маска тағу режимі толық сақталып («Жайна» жабық базары), күзетшілер кіре берісте тұрған. Сауда орындарында санитайзерлер орнатылған және сатушылар маска тағып, медициналық қолғаппен жұмыс істеуде. 

«Бірақ көше базарындағы жағдай мәз емес. Әсіресе, тамақ өнімдерін сататын шағын орындарда келушілер арасындағы қашықтық мүлде сақталмаған. Маска болса да иек тұсына ғана тағылған, бұл өрескел бұзушылық болып саналады. Сауда нүктелерінің иелері санитарлық нормаларды сақтауға тырысқанымен, қоғамдық орындарға келушілер маска режимін өрескел бұзатындығын атап өткіміз келеді. Олар түсіндіру жүргізген кезде агрессивті әрекет етеді, тіпті қол жұмсап жіберген жағдайда болды», - дейді «Қоғамдық бақылау» тобы. 

Тараз бен Көкшетаудағы қалалық саябақта, Бурабайдағы аквопарке маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтау режимі сақталмаған. 

Содан кейін Қоғамдық бақылау Шучинск қаласындағы 12 мектептің 8-іне бақылау жүргізді. Тексерілген мектептер санитарлық нормаларға толық сәйкес келеді: мектеп кіреберістерінде және әр кабинетте санитайзер орнатылған, мектеп қызметкерлерінде маска мен медициналық қолғап бар, ал медициналық қызметкер дене қызуын тексеру үшін кіреберісте кезекшілік етеді. Сабақтар оқу жылына толығымен дайын: парта мен орындықтар әлеуметтік арақашықтық нормаларына сәйкес бөлінген, ал кейбір мектептерде кварц шамдары бар. Оқушылардың тығыздығы мен олардың араласуын болдырмау үшін әр сыныпта біра уақыттан кейін үзіліс болып тұрады.