30 қаз, 2020 сағат 18:50

ҚХЛ: «Барыс» төрт ойыннан кейін жеңіске жетті

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Екі команда бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клуб жеңіске жетті. Елордалық клуб соңғы төрт кездесуінде жеңіліске ұшыраса, қытайлық команда кейінгі бес кездесудің төртеуінде қарсыластарынан басым түсті. 

Бүгінгі ойында «Барыс» командасы үшін жеңіс ауадай қажет болатын. Кездесуде тізгінді айдын иелері қолға алуға тырысты. 

Ойынның 9-минутта елордалық хоккейші Якрб Лиль есеп ашты. Ал 13-минутта Мэтт Фрэттин есепті үстемелей түсті. 

Екінші кезеңде қытайлық клуб бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Оны 23-минутта Иван Никопищин өзінің еншісіне жазды. 

Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша елордалық клуб төрт ойыннан кейін жеңіліс сериясын тоқтатты. 

Енді «Барыс» 3 қарашада елордада Латвияның «Динамо» (Рига) крмандасын қабылдайды.