Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Естеріңізге сала кетелік, елордалық клуб жаңа маусымдағы алғашқы матчында Латвияда жергілікті «Динамо» (Рига) клубын 3:2 есебімен жеңіп кетті. Осылайша чемпионатты сәтті бастады .
Ал «Динамо» бірінші турда ойын өткізбестен ұпайға ие болды. Өйткені, Финляндияның «Йокерит» командасының Беларуське келмей қалды. Оларға техникалық жеңіліс жазылды.
Бүгінгі кездесуде айдын иелері бірінші кеезңде басым ойнады. Елордалық клуб негізінен қорғаныста жүрді.
Екінші кезеңде минскілік команда басымдығын арттыра түсті. Нәтижесінде олардың қатарынан Брэнжон Козун 25, Роб Клинкхаммер 26, Артем Демков 28-минуттарда мергендік танытты. Оған 39-минутта «Барыс» хоккейшісі Антон Сагадеев бір шайбамен жауап қайырды. Екінші кезең бітуіне санаулы секунд қалғанда «Динамо» хоккейшісі Егор Шарантович есеп айырмасын арттыра түсті.
Үшінші кезеңде елордалық клуб хоккейшілері беосенділік танытты. Осының арқасында қатарынан үш шайба соғып, таразы басын теңестірді. Оларды Роман Старченко 40, Никита Михайлис 54, Даррен Диц өзінің еншісіне жазды. Ойынның негізгі кезеңі 4:4 есебімен аяқталды. Овертаймда «Динамо» жеңіс шайбасын соғып кетті.
Енді елордалық клуб 7 қыркүйекте Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен ойнайды. Ал 10 қыркүйекте «Барыс» елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды.