Атырау облысында Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен "Қазақстан этностарының рухани танымы" атты семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Жиынның тақырыбы – "Қазақстан этностарын рухани танымал ету". Осындай тақырыппен Атырауда Атырау облысының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен семинар жиын ұйымдастырылды. Семинарға Атырау облысы ЭКО, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, "Жаңғыру жолы" МД көшбасшылары және шақырылған қонақтар – "Қоғамдық келісім" КММ директоры Қамбетов Медхат Мұсаұлы, ЭКО жұмыс жөніндегі бастығы Тоболова Инесса және этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг бөлімінің бастығы Тәжібаева Әйгерім қатысты.
Іс-шара қатысушыларды интерактивті ойындар арқылы таныстырудан басталды. Одан кейін Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдық бағыттарының жұмысы туралы пікір алмасылды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері жиналғандарды Қазақстан халқы ассамблеясының "қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени дәріптеу" базалық жобаларының бірін іске асыру әдістерімен және атқарылған жұмысымен таныстырды.
Іс-шара барысында кореялық "Тхониль" ЭКО, ресейлік "Былина" ЭКО және украиналық "Довира" ЭКО төрағалары өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, таныстыру материалдары арқылы азаматтық бірегейлікті нығайтуға және Қазақстан халқының шығармашылық мұрасы мен дәстүрлі мәдениетін насихаттауға бағытталған өз бірлестіктерінің үздік жобаларын көрсетті.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдіру бойынша пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара соңында Атырау және Батыс Қазақстан облыстары Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары екі өңірдің тәжірибесі мен тығыз ынтымақтастығын нығайту мақсатында бірлескен іс-шара өткізу қажеттілігі туралы пікірге келді.
Айта кетейік, Қазақстан халқы ассамблеясының басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Ассамблеяны құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халқының форумында жария етті. 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесі бар Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы президенттің Жарлығы шықты.
2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясына бірқатар түзетулер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығын алды, бұл Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық-саяси рөлін айтарлықтай арттырды.
2008 жылғы 20 қазанда президент әлемде баламасы жоқ "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңға қол қойды. Қазақстан халқы ассамблеясының елдің саяси жүйесінің толыққанды субъектісіне айналды, оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері анықталды.
Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік органдарға қоғамда экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы тұруға, демократиялық нормаларға сүйенетін азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді.
Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз етеді, ұлттық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен "Қазақстан этностарының рухани танымы" атты семинар-тренинг өтті. Жиынның тақырыбы – "Қазақстан этностарын рухани танымал ету". Осындай тақырыппен Атырауда Атырау облысының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен семинар жиын ұйымдастырылды. Семинарға Атырау облысы ЭКО, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, "Жаңғыру жолы" МД көшбасшылары және шақырылған қонақтар – "Қоғамдық келісім" КММ директоры Қамбетов Медхат Мұсаұлы, ЭКО жұмыс жөніндегі бастығы Тоболова Инесса және этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг бөлімінің бастығы Тәжібаева Әйгерім қатысты.