03 қаз, 2020 сағат 10:20

Ким Чен Ын АҚШ президентінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын АҚШ президенті Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы kcna.kp сайты хабарлады.

Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.

«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де. 

Кейін коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп тікұшақпен әскери госпитальға жеткізілді.