Бүгін БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) конференциясы өтті. Онда Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі туралы 4-ші басылым есебі жарияланды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Аталған конференцияда белгілі болғанындай, бұған дейін - 40 орында болған Біріккен ұлттар ұйымы киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша 9 сатыға көтеріліп, 31 орынға орналасқан.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, ТМД аймағы бойынша Қазақстан 2-ші орында, біріншіде – Ресей Федерациясы.
«Қазақстан Үкіметі мен АХҚО Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа қарқын беретін озық технологияларды енгізу үшін қолайлы орта құруға ұмтылады. «Заттар интернеті» мен өндіріске роботтандыру мен жасанды интеллектті енгізу үшін сапалы интернет, мүмкін тіпті 5G қажет. Біздің міндеттеріміздің бірі – халықаралық қоғамдастықтың қолдауын алу, отандық кәсіпқойларды даярлау және қайта даярлау саласындағы халықаралық тәжірибені пайдалану. Біздің мамандар «Индустрия 4.0»-ге көшуге дайын болуы керек және дағдылары мен құзыреттіліктерін жетілдіруі тиіс», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Рейтинг жасау кезінде мемлекеттің заңнамалық базасы, техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық аренадағы қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік саласын дамытуға бағытталған әлеуеті негізге алынады.
Еліміздің «Қазақстан киберқалқаны» және «Цифрлық Қазақстан» сияқты стратегиялық бағдарламаларында ХЭБО-ның киберқауіпсіздік жаһандық индексі ақпараттық қауіпсіздік бойынша басты индикатор болып есептеледі.
Айта кетейік, Киберқауіпсіздік - электронды ақпаратты жеке және зақымдану мен ұрлаудан сақтайтын шаралар. Ол сондай-ақ осы құрылғылар мен деректердің дұрыс пайдаланылмағанына көз жеткізу үшін қолданылады. Киберқауіпсіздік бағдарламалық жасақтамаға да, аппараттық құралдарға да, Интернеттегі ақпараттарға да қатысты және оларды жеке ақпараттан бастап күрделі мемлекеттік жүйелерге дейін қорғауға болады. Оның негізгі өнімдері: онлайн режиміндегі электрондық ақпаратты қорғау бойынша қабылданған шаралар; әртүрлі қорғаныс шараларын қамтуы мүмкін, соның ішінде жеке тұлғаны ұрлаушылардың компьютерлерге немесе электронды құрылғыларға қол сұғуына жол бермейді; құпия сөзден қорғау және дискіні шифрлау - бұл киберқауіпсіздік шараларының түрлері болып табылады.
Компьютерде, электрондық құрылғыда немесе Интернетте сақталған кез-келген ақпаратты бұзу мүмкін болғандықтан, киберқауіпсіздік шаралары қабылданады. Тиісті шараларды қабылдаған кезде мұның алдын алуға болады. Әлем бұрынғыдай компьютерлерге көбірек тәуелді болғандықтан, киберқауіпсіздік маңызды болды.
Бұған дейін жазғанымыздай, «Цифрлық Қазақстан» екі бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда:
"Қазіргі экономиканы цифрландыру" - нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын прагматикалық бастауды қамтамасыз ету, экономиканың қазіргі салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және оларды технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту.
"Болашақтың цифрлық индустриясын құру" - адами капиталды дамыту деңгейін көтеру, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда, цифрлық экожүйені қарқынды дамыту есебінен ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету, елдің цифрлық трансформациялауды іске қосу.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ХЭБО ұжымына өзара тиімді серіктестік және киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) конференциясы өтті. Онда Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі туралы 4-ші басылым есебі жарияланды. Аталған конференцияда белгілі болғанындай, бұған дейін - 40 орында болған Біріккен ұлттар ұйымы киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша 9 сатыға көтеріліп, 31 орынға орналасқан. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, ТМД аймағы бойынша Қазақстан 2-ші орында, біріншіде – Ресей Федерациясы.