28 қаң, 2021 сағат 13:10

Хуситтер Сауд Арабиясына соққы жасады

Американың әуе шабуылына қарсы жүйесінің технологиялық және концептуалдық дағдарысы жаңа фактілермен расталып отыр. Үш тәуліктің ішінде Йемен Сауд Арабиясына баллистикалық зымырандармен соққы жасады, деп жазады Sputnik агенттігі.

АҚШ өндірісінің Patriot зениттік зымыран кешендері бар позициялық аудандар кезекті рет хуситтердің зымырандық шабуылдарына жауап қатпады.

Саудтықтардың соққыларына йемендік көтерілісшілер 23 және 26 қаңтарда баллистикалық зымырандардан оқ ату арқылы жауап берді. Түрлі ақпарат көздері бойынша, бұл зымырандар жергілікті немесе ирандық өндіріс бұйымы болып саналады. Орташа қашықтыққа ұшуға арналған барлық төрт зымыран шамамен 1000 километрді, Patriot  кешендері орналасқан алты ауданды еңсеріп, соңғы сәтте ғана Эр-Рияддың шеткі аймағында THAAD жүйелерімен тосқауыл қойылды. 26 қаңтарда БАҚ ел астанасының аспанында баллистикалық зымырандардың бірі көзі жойылғанын және дипломатиялық орамда жарылыс болғаны туралы хабарлады. Осылайша, жақында ғана әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс аудандарын қосымша Patriot ЗЗК-мен "нығайту" тиісті нәтиже берген жоқ.

2020 жылдың 23 қарашасында хуситтер Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы Saudi Aramco мемлекеттік мұнай-газ компаниясының тарату станциясына Quds-2 зымырандарын бағыттады. 2019 жылдың желтоқсанында Йеменнен іске қосылған зымырандық шабуылмен Наджран провинциясындағы әскери лагерьді қиратты. Сол жылы қыркүйегінде көтерілісшілер Сауд Арабиясының бірқатар нысанына қанатты және шабуылдаушы зымырандармен соққы жасап, Сауд Арабиясын мұнай өндірісінің 60%-інен уақытша айырды. Хуситтер 2019 жылдың тамыз айында Джизан әскери әуежайына баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады. Осы аталған оқиғалардың барлығында Patriot ЗЗК негізінде құрылған әуе шабуылына қорғаныс жүйесі Сауд Арабиясының нысандарын әуе шабуылдарынан қорғай алмады.

Көпнысанды (әмбебап) Patriotзениттік зымыран кешені позициялық аудандардың зымыранға қарсы қорғанысына, аэродинамикалық нысандарды анықтау және жоюға арналған. Нысанды соғыс жағдайында дөп тигізіп құлату ықтималдылығы – шамамен 50% (әрқайсысына кемінде екі зымыран керек). PAC-1 және PAC-2 модификациясындағы Patriot ЗЗК жарықшақты әскери бөлігі оқ тиген күннің өзінде де Р-17 немесе "Скад" сынды тозығы жеткен баллистикалық зымырандардың да көзін жоя алмайды. Patriot ЗЗК-ның бір батареясы шамамен 600 миллион доллар тұрады.

Өткен жылдардағы әскери қақтығыстарда Patriot кешені онымен америкалық мамандардың жұмыс істеуіне қарамастан жеңіліс тауып жатыр. Пентагонның мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарында Иранның зымырандық соққыларынан Ирактағы америкалық 100-ден астам әскери көз жұмды. АҚШ-тың шетелдегі әскери базасында әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесі мүлде жоқ дегенді елестету қиын. Біз технологиялық дағдарыстың куәсі болып отырмыз. Patriot ЗЗК-ны модернизациялау мүмкіндіктері таусылды, оның кострукциясы концептуалды тұрғыдан ескірді.

Израильдің зымыранға қарсы қорғаныс ұйымының экс-басшысы Узи Рубин америкалық зениттік зымыран жүйесінің Сауд Арабиясындағы бұл осалдығын Patriot көкжиек үстіндегі нысандарды ғана көретінін және төмен ұшатын жүйелерді анықтай алмауымен түсіндірді. Рубин төмен ұшатын, тіпті, жер бетіндегі нысандарды да тып-типыл етіп жоятын ресейлік "ПанцирьС-1" зениттік зымырандық-зеңбіректік кешенін сатып алуды ұсынды. Эр-Рияд бұл ақылға құлақ түріп, қазір АҚШ-тың тыйым салуына қарамастан, Сириядағы соғыс жағдайында сынақтан өткен ресейлік ЗЗЗК-ны сатып алу мәселесі қарастырылып жатыр.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұған дейін Сауд Арабиясына құны 15 миллиард долларды құрайтын THAAD жүйелерін (44 қондырғы, 360 зымыран және жеті радар) жеткізуді мақұлдаған. Бір кешенге радар, алты іске қосу қондырғысы және 48 зымыран кіреді. Алайда сатып алу қауіпсіздікке кепілдік бермейді. 

Американың зымыранға қарсы заманауи THAAD әзірлемесі нысанның көзін жою үшін аппараттық блоктың кинетикалық энергиясын қолданады. Дәстүрлі оқтұмсығы жоқ, бір зымыранмен траекториясы берілген дәлдіктегі бір ғана нысанды жоюға болады. THAAD кешенінің дәлдеу қашықтығы 200 километрге дейінгі қашықтық. Бірақ ол аэродинамикалық нысандармен, яғни ұшқышсыз ұшу аппараттары және қанатты зымырандармен соғысуда тиімді емес.

2014 жылдан бері Йеменде үкіметтік күштер мен шейіттердің "Ансар Аллах" қозғалысынан шыққан хуситтік көтерілісшілері арасында азаматтық соғыс жүріп жатыр. 2015 жылдың наурыз айынан бері Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің әскери коалициясы үкімет күштеріне қолдау көрсетуде. Ал хуситтерге шейіттік Иран көмектесіп жатыр.

"Ансар Алла" шейіттік қозғалысының жоғарғы саяси кеңесі Йемен аумағының 20 %-не иелік етеді. Мұнда елдегі халықтың 70%-і тұрады. Хуситтердің тұрақты орын алмастыруға арналған әскери базалары жоқ. Араб коалициясының ұшақтары олардың көзін жоя алады. Көтерілісшілер жасағы таудағы үңгірлер мен жер асты түнелдеріне тұрақты орын ауыстырып тұрады. Хуситтердің қолдан жасаған жағалаудағы зымыран кешендері қарсыластың өз кемелерін елеулі қашықтықта ұстауына себепші болып отыр.

Сауд Арабиясы батыс өндірісінің заманауи қару-жарағын пайдаланса, йемендік көтерілісшілер ирандық қаруды кәдеге жаратуда. Сондай-ақ, оларды С-75 зениттік зымыран жүйелерінің модификациясы – баллистикалық Qaher M-1 мен Qaher M-2 бар.

Ауқымды қаражатқа сатып алған заманауи қаруы бар Сауд Арабиясы жеңіске жететініне сенім болғанымен, іс жүзінде йемендік көтерілісшілердің тұрақты әрі дөп тиген соққыларынан Эр-Риядты THAAD заманауи мобильдік жүйесі де қорғай алмай тұр.