Ертең, яғни 24 тамыз күні Астана мен Алматы қалаларындағы, Ақмола мен Алматы облысындағы ХҚО-ларда халыққа қызметті эстрада жұлдыздары көрсететін болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2018 жылдың 24 тамызында шоу-бизнестің жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері азаматтарға қызмет көрсетеді. Олар Астана мен Алматы қалаларындағы, Ақмола мен Алматы облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бір күн жұмыс істейтін болады», - деп жазды ол.
Оның жазуынша, әрбір фронт-кеңседе жобаның екі қатысушысы қатысатын болады.