18 қаң, 2021 сағат 11:58

ХҚКО ақпараттық жүйесі кідіріспен жұмыс істеп тұр

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қолданылатын ақпараттық жүйелер кідіріспен жұмыс істеуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызмет алушылардың назарына! Бүгін тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жұмылдырылған бөлек ақпараттық жүйелер кідіріспен жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты, азаматтардың ХҚКО мен автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО-ға адамдар көптеп жиналып қалды. Қазіргі кезде «Ұлттық ақпараттық жүйелер» АҚ мамандары техникалық ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Әрбір азаматқа сабыр сақтауды, халық көп жиналатын орындардан алыс жүріп, мүмкіндігінше мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн алуын сұраймыз», - делінген хабарламада.