20 мам, 2020 сағат 11:45

Хенрик Карлсон «Барыс» командасында тағы бір жылға қалатын болды

Елордалық «Барыс» қақпашы Хенрик Карлсонмен 2021 жылдың 30 сәуіріне дейінгі келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" команда сайтына сілтеме жасап.

Хенрик Карлсон 1983 жылдың 27 қарашасында дүниеге келген. Швеция, Канада, АҚШ, Ресейдің бірнеше командасында ойнаған. Ол «Барыс» командасында 2016 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Сондай-ақ, қақпашы Қазақстан құрамасы сапында бірнеше кездесуге қатысты. 

Қақпашы өткен Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында 20 ойын өткізді. Оның ішінде 12 кездесу елордалық клубтың басымдығымен аяқталды. 

Биыл Хенрик Карлсон басқа командаға ауысуы мүмкін деген жорамал айтылған еді. Дегенмен ол командамен келісімшарт мерзімін ұзартуға ниет білдірді.