«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының XI маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл ұлттық сыйлық мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1. Үздік педагог,
2. Үздік дәрігер,
3. Үздік ер спортшы,
4. Үздік әйел спортшы,
5. Жыл парламентариі,
6. Үздік тележүргізуші,
7. Үздік публицист,
8. Жыл мәдениет қайраткері,
9. Үздік ақпараттық интернет-басылым,
10. Блогосфера көшбасшысы
6 қазанда басталған дауыс беру кезеңі Facebook әлеуметтік желісінде 13 қазанға дейін жалғаспақ.
«Әлеуметтік желіні пайдаланушылар топқа үміткердің аты-жөнімен түсініктеме, оның бір жылдағы жетістіктері туралы шағын анықтама бере отырып, үміткерлерді ұсына алады. Содан кейін сыйлықтың қазылар алқасы 20-30 қазан аралығында сыйлықтың ресми тобында өтетін дауыс берудің бірінші кезеңіне (long-list) кіретін 5+5 жүйесі бойынша (пайдаланушылардан бес үміткер және қазылар алқасынан бес үміткер) 10 үміткерді анықтайды. Осыдан кейін үздік 4 үміткер дауыс берудің соңғы турына шығады. Ол кезең lubimec.kz сайтында өтеді», - деп жазылған байқау туралы хабарламада.
Ұйымдастырушыларыдң айтуынша, негізгі номинациялардан бөлек жыл меценаты, жыл кәсіпкері, жыл фермері, жылдың үздік әлеуметтік бизнесі, жылдың үздік мәслихат депутаты сияқты аталымдар бойынша үздіктер анықталады. Атаулы сыйлықтардың ішінде қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы «Жасыл экономика үшін» сыйлығы да бар.
Еске салсақ, ҚазАқпарат «Халық сүйіктісі-2018» сыйлығын «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы» номинациясы бойынша жеңіп алды.