19 там, 2020 сағат 19:22

Халықаралық дзюдо федерациясы жарыс кезінде қатаң сақталуы тиіс талаптар тізмін жариялады

Халықаралық дзюдо федерациясы жарыс кезінде қатаң сақталатын талаптар тізімін жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлемде кеңінен таралған індетке қарсы вакцина әлі табылмағандықтан, турнир барысында барлық сақтық шаралары қолданылады. Жарысқа қатысушылардың барлығы да ережеден аттамауы тиіс. Турнир алдында спортшылар, ресми тұлғалар, бапкерлер мен басқа да қатысушыларға тестілеуден өту міндеттеледі. IJF мәліметінше, турнирге қатысушылардың барлығы соңғы 14 күнде қандай да бір ауру белгілерінің жоқ екендігін дәледейтін, COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін медициналық анықтама әкелуі тиіс», делінген Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз хабарламасында. 

Сондай-ақ, жарыс өтетін мемлекетке келерде спортшылар айрықша бақылауда болады. Тұрғын үйге, қонақүйлерге кірерде және жарыс өтетін аумақтың барлығында дене қызуы сәт сайын өлшеніп тұрады. Маска кию татами мен жаттығу залдарынан басқа жерлердің барлығында міндеттеледі.