27 мау, 2021 сағат 21:48

Халқының 87 пайызы вакциналанған Исландия карантин шектеулерін алып тастады


26 маусым күні Исландия коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин шектеулерін алып тастады. Енді қоғамдық орындарда маска тағып, қашықтық ұстанудың қажеті жоқ. Сондай-ақ бұқаралық іс-шараларға қатысушылар саны жөнінде қойылған шектеулер де алынды.

Осылайша Исландия пандемия кезіндегі карантин шектеулерін толық жойған (шетелден келгендерге арналған шектеулерді есептемегенде) алғашқы Еуропа мемлекеті атанып отыр.

"Біз көп күткен үйреншікті өмірге оралып жатырмыз" деді елдің денсаулық сақтау министрі.

Исландия індет басталғалы жаппай тестілеуге басымдық берді. Халқы 330 мың адамнан тұратын Исландияда барлығы 750 мың тест тапсырылған. Тестілеу вирус жұқтырғандары дереу анықтап, оларды оқшаулауға мүмкіндік берді. Бірақ пандемия шарықтау шегінде ел билігі бәрібір локдаун енгізуге мәжбүр болды. Қазір ел халқының 87 пайызы коронавирус вакцинасын салдырған. Ал коронавируспен тіркеліп жүргендер саны аптасына 10 адамнан аспайды.

Індет басталғалы аурудан елде 30 адам қайтыс болған. Оның біреуі ғана биыл көз жұмған. Жан басына шаққандағы өлім деңгейі бойынша Исландия әлемдегі ең төменгі орындардың бірінде тұр.