Ресей Төтенше жағдай министрлігінің Хабаров өлкесі бойынша Бас басқармасы Хренбтовая тауының маңында Ан-26 ұшағы құлаған жерден түсірілген бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ұшақ сынықтарын анықтау орнына іздеу тобы шықты.
22 қыркүйекте Ан-26 ұшағы Хабаров өлкесі аумағындағы ұшуларды қамтамасыз етудің жер бетіндегі радиотехникалық қамту құралдарын тексеру үшін ұшып шыққан. Хабаровск қаласынан 38 шақырым жерде ұшақ радарларға көрінбей кеткен.
Ұшақтың бортында экипаждың алты мүшесі болған. «Ұшу тексерістері мен жүйелері» ЖАҚ-ның иелігіндегі ұшақ техникалық ұшуын орындаған еді.