04 қаз, 2020 сағат 23:50

Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан қайтыс болды

Kenzo сән үйінің негізін қалаған жапониялық дизайнер Кендзо Такада коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы модельердің ресми өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Euronews.

Ол 81 жаста болған. Такада Францияда ауруханада көз жұмды. Бұл елге 1965 жылы Жапониядан көшіп барған.

1970 жылы оның әйелдерге арналған алғашқы киім үлгілері Парижде үлкен қызығушылық тудырды. Кендзоның көрмесіне қатысқан модельдердің бірін ELLE журналы өз мұқабасына орналастырды. Бірінші сәтті көрсетілімнен кейін Кендзоның сән әлеміндегі мансабы бірден арта бастады.