#
#
Сенбі 11/07/2020

Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

  • 29.05.2020
  • 0
  • 283

Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" 

Түркістан облысы, Кентау қаласының 23 жастағы тұрғыны COVID-19 инфекциясын жұқтырып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. Айы-күні жетіп, толғағы қысқан келіншектің өміріне қауіп төнуіне байланысты дәрігерлер шұғыл түрде операция жасады. 

Дәрігерлердің айтуынша, коронавируске шалдыққан әйелдің жатыр тыртығынан қан кету жағдайы болған. Қауіпті дертке ұшыраған жүкті келіншекке операция реанимотолог-дәрігер Ержан Жұмашевтың жетекшілігімен жасалып, қазіргі таңда ол тәулік бойы инфекциялық госпиталь дәрігерлерінің бақылауына алынған. Қазіргі жағдайы қалыпты деп бағаланған науқас тағы екі апта отбасымен көрісе алмайды. 

«Коронавирус індетіне шалдыққан науқастарға операция жасауда қорғаныш киімдері аздап ыңғайсыздық тудырады. Қалған жқмыстар әдеттегідей жүзеге асырылады. Біз үшін бұл әйелдің сауығып, перзентін қолына алғаны үлкен қуаныш болар еді»,-дейді реанимотолог-дәрігер. 

Ал, дүниеге келген қыз баланың салмағы – 3 кг, бойы – 51 см. Нәрестеден бірден коронавируске талдау алынған. Сәби індеттен дін аман екені анықталған. Қазір бөлек палатада оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында. Бұл жас келіншектің екінші перзенті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар