Ресейдің Кемерово облысы Топкинс ауданында Ханты-Мансийск балалар волейбол командасы отырған автобустан өрт шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала деректерге сүйенсек, көлік жас спортшыларды Толмачев әуежайына алып бара жатқан. Сол жақтан олар Ханты-Мансийскке ұшу керек болған. «Байкал» М-53 трассасының 231-шақырымында автобустың моторы өртенеді. Осы уақытта көлікте жүргізуші мен кәмелетке толмаған тоғыз бала болған. Үлкендер өздері өртті сөндірген. Ешкім зардап шекпеді.