26 шіл, 2020 сағат 09:50

Қазығұртта 92 жастағы әжей коронавирусты жеңіп, үйіне оралды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тұратын 92 жастағы әжей коронавирустан құлан-таза айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Моншақ Кенжалиева бір апта бұрын екі жақты пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің біліктілігі және дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында әжей сырқатты жылдам жеңді. 

Моншақ апа дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, бүгін өз шаңырағына оралды. 

«Дәрігерлердің арқасында 2 күн болды адам болып отырғаныма. Рахмет. Бақытты болыңдар. Әрбір емдерің халыққа шипа болсын» деп алғысын жеткізді кейуана.