10 мам, 2023 сағат 15:19

"ҚазМұнайГаз" басқарма құрамы өзгерді

Көрнекі фото: kmg.kz 

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма құрамында өзгеріс болды. Ақпаратты компания мен Қазақстан қор биржасы (KASE) баспасөз қызметі растады.

"ҚазМұнайГаз" АҚ Басқармасы құрамына бұған дейін компаниядан кеткен Арман Қайырденов пен Дәурен Қарабаевтың орнына Дмитрий Макеев пен Диана Арысова келді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасы тоғыз адамнан тұрады: Мағзұм Мырзағалиев, Дастан Абдулғафаров, Болат Закиров, Василий Лавренов, Серікқали Брекешев, Дәулетжан Хасанов, Қуаныш Құдайбергенов, Дмитрий Макеев және Диана Арысова.