Журналист – қоғамның айнасы, үні һәм көзі. Қазіргі журналистика тақырыбын қозғағанда интербелсенділікті де талдауымызға тура келеді. Өйткені, пандемияның өршіп тұрған тұсында бір журналистика саласы ғана емес, барлық жұмыс көздері зардап шегіп отыр. Бірақ қашықтықтан жұмыс жүргізу, онлайн платформалардың жаңаша бағытта серпін алуы бізді де қызықтырды. Толығырақ бұл туралы журналист әрі редактор, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, жан-жақты медиаменеджер, «Айғақ» телеарнасының бас редакторы Салтанат Тойболова өз сұхбатында айтып берді.
- Салтанат, ақпараттың көрерменге уақытында жол тартуы үшін қандай шаралар қолданып жатырсыңдар?
Індетпен күрес – баршамызға ортақ міндет. Еліміз пандемияны жеңуде қандай шараны қолға алса, ертеңіміз үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Мамандардың 80 пайызы қашықтықтан жүмыс істеуде. Алдымен жеткен ақпаратты өңдеп, дұрыстығына көз жеткізіп, сайтымызға орналастырамыз. Әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жариялаймыз. Тіпті телефонмен монтаж жасауды үйреніп алдық. Дәрігер мамандармен 24/7 байланыстамыз. Осылайша журналистикаға да тың серпін келді. Мобильді аудитория көбейді. Қазіргі заманғы мүмкіндіктер журналистерге ақпаратты тез жариялауға және мультимедиялық форматтарды пайдалануды үйретуде. Міне, қазіргі заманның журналистикасы. Қазіргі заманғы журналистика соңғы онжылдықта, әсіресе интернет пен әлеуметтік желілердің дамуымен елеулі өзгерістерге ұшырағандығын айтуымыз керек. Блогерлерді журналистермен шатастыруға болмайтын тұсы да осы. Қазіргі заманғы онлайн журналистика интернет арқылы жүзеге асырылатын және жаңалықтар мен ақпаратты жасау, тарату және тұтыну үшін цифрлық технологияларды пайдаланатын журналистиканың бір түрі болып табылады. Ол дәстүрлі баспа және телевизиялық журналистикадан ақпарат таратудың негізгі арнасы Интернет және онлайн платформалармен ерекшеленеді. Бірақ, онлайн журналистиканың алдында жалған ақпарат таратпау туралы, оқырман сенімін жоғалтып алмау сияқты сын-тегеуріндер мен проблемалар тұр. Сондықтан ақпараттың сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ оқырмандар мен көрермендердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда онлайн журналистиканың этикасы мен нормалары маңызды рөл атқарады
- Алдағы уақытта көрерменге қандай бағдарламалар ұсынасыңдар? Жобаны қалай жүзеге асырмақсыңдар?
Кеңістік, тау, тас... Табиғат құндылығы, тарих үндестігі. Міне, бұл жерлерде көпшіліктің қатысуынсыз жаңа бағдарламаларды дүниеге әкелуге болады. Идея қағазға түсіп жатыр. Орындау міндеті тұр. Түркістан – төрткүл дүние көз тіккен Ұлы Жібек жолының құтты торабы. Талай ханның билігін көрген Түркістан, жойқын шайқастарды өткерген Отырар, сәулет өнерінің теңдессіз туындысы танылған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – осы өлкенің бас мұралары. Көне ескерткіштерінен бастап, белсенді демалысқа шақыратын табиғи орындары, минералды сулармен емдеу кешендері – барлығы бүгінгі күні саяхатшылардың назарында. Түркістан облысына саяхат ешқашан естімеген тарихи деректерге, аңыздар мен хикаяларға толы болары сөзсіз. Бүгінгі күнге дейін сақталған көне ғимараттардың сәулеті шынында да таң қалдырады, «адамдар заманауи құралдарсыз мұндай ғажайыптарды қалайша салған?» - деген сұрақтар санаңызда еріксіз пайда болады.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Әзірет Сұлтан қорық-мұражайына кіретін басқа да тарихи орындар: Қылует жер асты мешіті, Жұма мешіт мұражайы, Рабиға Сұлтан бегім кесенесі, және басқалары.
Арыстанбаб кесенесі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жол тартқан әрбір зияратшы алдымен оның ұстазы Арыстанбаб кесенесінде түнейді.
Сауран қалашығы. Қалашықтың атауы жазба деректерінде Х ғасырдан бастап кездеседі. Қазіргі уақытта бұл жерде археологиялық қазбалар жалғасып, қалпына келтіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.
Отырар қалашығы. Бұрын Фараб деген атпен белгілі, Орта Азиядағы ең көне қалалардың бірі, сауда және қолөнер орталығы, дипломатиялық, әскери-стратегиялық маңызы болған қала.
Туристерді ұлттық саябақтар мен қорықтарда күтіп тұрған керемет табиғи ландшафттар таңқалдырмай қоймайды. Қаратау табиғи қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық паркі, Ақсу-Жабағылы қорығы, Ақмешіт үңгірі – Түркістан облысының киелі жерлерінің бірі.
Түркістан облысының емдеу-сауықтыру орындары да кеңінен танымал, мысалы Сарыағаш ауданында 30-ға жуық шипажай бар. Еліміздің оңтүстігінде орналасқан өңірде ауа райы өте жайлы. Жаздыгүні аптап ыстық болса да, көктем ерте шығып, далада қығалдақтар құлпырады. Ал қыстыгүні бұл жерге «жылыну» үшін келуге болады, себебі еліміздің басқа өңірлерінде қар жатқан кезде, бұл жерде күн шуағы қыздырып, қарсы алуға дайын тұрады. Міне, осының барлығы тарихи-танымдық фильмдердің бастауы.
- Олай болса іске сәт. Еңбектерің жансын!
Сұхбаттасқан
Мөлдір Кенжебай