Фото: ҚР МАМ
Белгілі күйшi, шертпе күй өнерінің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы дүниеден өтті деп хабарлайды Ult.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақтың белгілі күйшісі, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының қайтыс болуына байланысты оның отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты.
Нұрымбай Сүлейменұлы – табиғи талантын халқына арнап, ұлттық музыканың дамуына өлшеусіз үлес қосқан дара өнер иесі. Ол «Қайран әке», «Қарт толғауы», «Дала сыры», «Атамекен», «Ілем менің» сынды елге кеңінен танылған күйлердің, сондай-ақ 60-тан астам күй мен 20-ға жуық әннің авторы.
Өнерпаздың жарқын тұлғасы мен мол мұрасы қазақ халқының жадында мәңгі сақталатыны анық.
Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз. Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.
