20 қаз, 2025 сағат 12:04

«Қазір жиеннің біразын нағашы жұрт асырап отыр»: блогер қоғамдағы өзгерістерге алаңдаушылық білдірді

Фото: ашық дереккөз

Блогер Жанар Шамель қазіргі кезде жиендердің басым бөлігін нағашы жұрты бағып-қағып отырғанын айтып, өткен мен бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі айырмашылықты көтерді, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның айтуынша, бұрын баланы өз жұртынан бөлу – намыс саналатын, ал қазір тіпті өз аттарына жазып алатындар бар.

«Ерлі-зайыпты ажырасса да, әке баласынан айырылмайтын. Келін кеткеннен кейін де қайын жұрты байланысын үзбейтін», – дейді блогер.


Алайда қазір жағдай басқаша. Көп жағдайда балалар тұратын үй де, атаулы мүлік те өзгенің атына жазылады. Әкелер алименттен қашып, жауапкершіліктен жалтарады.

«Нағашы жұрт болмаса, сол жиендердің ahуалы не болар еді?» – деп жазады автор.


Бұл жазба қоғамда отбасылық жауапкершілік, бала тағдыры және ұлттық дәстүрлердің сақталуы жайлы үлкен пікірталас тудырды.

"Дұрыс айтасыз. Бірақ қазір жиенді бағатын бұрынғы нағашылар да азайып бара жаты. Көппен алысып жүрген жалғыз әйел көп, барлық тұсынан жалғыз…", "Елу жылда ел жаңа-жүз жылда қазан жаңа! Салт-дәстүріміз керемет елміз ғой шіркін! Жоғалтпауымыз керек, әр адамның міндеті сол болу керек!", "Өте өзекті тақырып", - деп жазды оқырмандар.