«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" кәсіпорын таратқан мәліметтерге сілтеме жасап.
10 тамызда Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда найзағай ойнайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде де найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар қаласында найзағай ойнап, түнде тұман түседі, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде 10-12 тамызда күндіз 35-36 градусқа дейін аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының кей жерлерінде 10 тамыз күні күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырауда күндіз 37-39 градусқа дейін апап ыстық болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 40 градус ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Оралда күндіз 37 градус ыстық болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағандыда күндіз 10 тамызда найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Петропавлда 10 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.