18 қаң, 2021 сағат 08:50

«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК-сы алдағы қаңтардың 19-21 аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстік циклон Каспий теңізінің үстімен солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашынның, желдің күшеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады. Алайда, 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, соған қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының түнде 22...30℃ дейін төмендейді.