18 қар, 2020 сағат 08:58

Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК-сы 2020 жылғы 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, де хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, алдағы күндері елдің солтүстігінде күн аздап жылына бастайды. Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік-Батыс антициклон әсер етуде. Алайда, атмосфералық фронталды бөліктерге байланысты еліміздің кей жерлерінде қар жауады. Циклон шұңқыры республиканың солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына ауыса бастайды. Бұл ауа температурасының аздап көтерілуіне ықпал етеді.