09 қаз, 2020 сағат 10:33

«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» қазанның 10-12 аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Солтүстік циклон жырасы біртіндеп Қазақстанның шығысына қарай жылжуы себепті осы өңірдің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Еліміздің батысында ауа температурасы көтеріледі, республиканың кей жерлерінде жел күшейеді», - делінген хабарламада.