18 қыр, 2020 сағат 09:46

«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

Демалыс күндері ауа райы жылы болады. «Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күннің ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қыркүйектің 19-21 аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етеді. Осыған қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан келетін циклон ықпал етеді. Ол жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел, дауыл тудырады, бұршақ түсуі мүмкін.