05 қаз, 2020 сағат 10:22

Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК-сы 6-8 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанның көптеген өңіріндегі ауа райына солтүстік-батыстан келе жатқан суық антициклон ықпал етіп күн суытады. 

Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр жауып арты қарға ұласады.

Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.