16 қыр, 2020 сағат 11:57

«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жария етті

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 17-19 аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қыркүйектің 17-19 аралығында Қазақстанның ауа райына бұрынғыдай Кар теңізі аудандарынан келетін циклон «сер етеді. 

Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстігінде, орталығында және шығысында жел күшейіп, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін деген болжам бар. Тек еліміздің батысында ғана жауын-шашын болмайды. 

«Жұма күні Атлантикалық антициклонның келуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ, салыстырмалы түрде жылы ауа райы қалыптасады»,-делінген «Қазгидромет» мәліметтерінде.