20 қаз, 2020 сағат 20:18

Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 21 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. 

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. 

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. 

21, 22 қазан күндері тәулік бойы Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшейеді.