22 жел, 2022 сағат 09:18

"Қазгеология" басшылығына қатысты тергеу басталды

Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден аса сомаға артық төлеп, лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдікке ілінген.

Тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.