Фото: pexels.com
Қазанда Қазақстанда жалғыз ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осыған байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Ult.kz.
eGov ақпараты бойынша, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Республика күні - ұлттық мереке.
Ұлттық мерекелер – Қазақстан Республикасында ерекше тарихи маңызы бар, қазақ мемлекеттілігінің дамуына айтарлықтай әсер еткен оқиғаларға орай белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді атап өту орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізумен қатар жүреді.
Биыл Республика күні жұма күніне сәйкес келіп отыр, сондықтан қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазан күндері қатарынан үш күн демалады. 28 қазан, дүйсенбі – жұмыс күні. Қазанда басқа мерекелік күндер жоқ, сондықтан қосымша демалыс күндері болмайды.