Фото: akorda.kz
Қазақы ит тұқымдары күні енді ресми атап өтілмек, деп хабарлайды Ult.kz.
Экология министрлігі "Қазақстан республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынып, жобаға сай еліміздің мерекелік күндерінің тізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілген.
"Ашық НҚА" порталында жарияланған ақпарат бойынша 3 қыркүйекті қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеу ұсынылды.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: "11-1. қазақы ит тұқымдарын күні – үшінші қыркүйек". 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Қоғамдық талқылау 17 ақпан күні аяқталады.