#
#
Жұма 05/03/2021

Биыл Украина қазақтарының құрылтайы өтеді

  • 11.02.2021
  • 0
  • 2491

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның әр түрлі аймақтарын ұсынатын қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық туралы, сондай-ақ Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы, оның ішінде шетелдегі қандастарды қолдау мәселелері бойынша хабарлады», делінген елшіліктің Telegram парақшасында.

Осы тұрғыда Украинадағы қазақ диаспорасын бірлескен іс-шаралар арқылы одан әрі консолидациялау мәселелері талқыланды. 

«Жиналысқа қатысушылардың жалпы пікірі бойынша, биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі – Украина қазақтарының құрылтайы болады, оның барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылдау жоспарланып отыр, соның ішінде Украинаның қазақтар қауымдастығын құру қаралады», делінген хабарламада.

Кездесу соңында Елші «ISKA Ukraine» кикбоксинг федерациясының президенті Николай Акижановты жоғары атағымен - Украинаның кикбоксингке еңбегі сіңген жаттықтырушысының берілуімен құттықтады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар