«Қазақтелеком» АҚ жыл басынан бері 9 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісін құрды, оған елдегі 828 ауылды қосу жоспарланған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Биылғы наурыз-сәуір айларында біздің байланыс орталығындағы жүктеме ұлғайды. Интернет арқылы бізге тәулігіне 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түсетін. Абоненттердің басты бөлігін Интернетке қосамыз. Биыл біз 9 мың шақырымға жуық талшықты-оптикалық байланыс желісін құрдық, оған еліміздің 828 ауылын қосу жоспарланып отыр. Онда шамамен 2 мың мемлекеттік мекеме, оның ішінде әкімдіктер, ауруханалар, мектептер орналасқан. Ауылдарға оптикалық талшықтың келген соң, біздің мобильді байланыстарымыз да ашылады. Қазіргі уақытта аудан орталықтарының, ауылдық елдімекендердің негізгі бөлігі интернетке қосылған. Жыл соңына дейін біз барлық қажетті ауылдарды интернетке қосамыз», - «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Tele2 және Kcell операторлары базалық станцияларын орнатуды бастады.
«Кеше өңірлер бойынша шолу жасап шықтық. «Қазақтелеком» компаниясы қажетті сапамен қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылына әзірленді», - деді Қ. Есекеев.