Қазақстанның үш облысында дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК.
23-24 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оралда 24 қаңтар күні оңтүстік-шығыстан соғатын жел 18 м/с-ға дейін күшейеді. 24 қаңтарда Қостанай облысында тәулік бойы боран болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
24 қаңтарда ОҚО-да шығыстан соғатын жел тәулік бойы сақталып, желдің жылдамдығы 23 м/с-ны көрсетеді.
26-29 қаңтар аралығында ОҚО-да ауа температурасы түнде 15-20 метрге дейін төмендеп, кей жерлерде 25-30 және 30-35 градус аязға дейін барады.