13 қар, 2020 сағат 19:49

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгиромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 14-16 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 15 қарашада екпіні 23-28 м/с болады. 

Таразда 14-16 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 15 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

14-15 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 

Күндіз 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. 

Қарағанды қаласында 14 қарашадакөктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жезқазғанда түнде 14 қарашада жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 75-80%.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. 

Оралда 14 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы - 90-95 %.