Батыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
23 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
23 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы ықтимал.
22 қарашада күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с болады.