17 қаз, 2018 сағат 20:14

Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

18 қазанда Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады және боран соғып, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

17 қазан күні кештен бастап 18 қазан кешке дейін Қызылорда облысының кей жерлерінде батыс, оңтүстік-батыс желі соғып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Сондай-ақ, өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында 18 қазанда (17 қазан 21.00-ден 18 қазан 21.00-ге дейін) оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болуы ықтимал.

Өскемен қаласында оңтүстік-батыс бағыттан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Семей қаласында 18 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

18 қазанда (17 қазан сағат 21.00-ден 18 қазан 21.00-ге дейінгі аралықта) Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады және боран соғады.

Петропавл қаласында 18 қазанда солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді және көктайғақ болады.