10 қаз, 2018 сағат 13:23

Қазақстанның солтүстігінде қар жаууы мүмкін

Қазақстанның солтүстік бөлігінде 11-13 қазан күндері ауа райы жауын-шашынды болып, қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа райы жауын-шашынның соңы қарға ұласып, күн суытуы мүмкін. 11 қазан күні күндізгі ауа температурасы 13...20°С аралығында болса, 13 қазанда 0...плюс 8°С, ал түнде 0...минус 5°С аралығында болады. Мұндай ауа райы республика аумағына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан келе жатқан арктикалық суық ауа ағындарына байланысты» делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында суық ауа ағындарының әсері 12 және 13 қазан күндері байқалады. Аталған өңірлерде әзірше жаңбыр жауады, дегенмен тауларда жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал.