07 қаз, 2020 сағат 22:20

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді

Қазгидромет 8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қалған аймақтарда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. 

Қарағанды, облыснынң кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.