29 қаң, 2018 сағат 11:09

Қазақстанның оңтүстігінде өзендер тасуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК еліміздің оңтүстік өңірлерінде күннің күрт суытуына байланысты, ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін және алдағы екі тәулікте, яғни 30-31 қаңтарда температура фонының төмендеуіне және мұз түзілімінің күшеюіне байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Сырдария өзенінде мұз кептелуінің қалыптасуына, су мөлшерінің жоғарылауына байланысты судың тасуы орын алып, су деңгейі көтерілуі мүмкін", - деп мәлімдейді синоптиктер.

Осыған дейін синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяздың сақталатынын ескерткен еді.