#
#
Сенбі 15/08/2020

Қазақстанның кейбір жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • 13.02.2020
  • 0
  • 244

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 1036 шақырым 7 учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 4,1%. Жол 4 облыста жабық. Республика бойынша арнайы 752 техника жұмыс істеуде.

1. Нұр-Сұлтан – Теміртау, 1291-1426 км (ақылы учаске)

2. Нұр-Сұлтан-Щучинск, 18-231 км (ақылы учаске)

3. Нұр-Сұлтан-Ерейментау 16-235 км, Нұр-Сұлтан-Шідерті.

4. Екатеринбург-Алматы 1006-1247 км, Атбасар-Нұр-Сұлтан.

5. Үшарал-Достық 83-184 км, Көктума-Достық.

6. Екатеринбург-Алматы 1426-1457 км, Қарағанды терминалы.

7. Қызылорда-Павлодар 970-1066 км, Қарағанды-Молодежный.

«Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. «ҚазАвтоЖол« ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді»,-делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар