05 шіл, 2023 сағат 17:43

Қазақстанның екі өңірінде қатты құрғақшылық болуы мүмкін

Фото: elements.envato.com

Қазгидромет шілде айындағы құрғақшылық бойынша болжамды нақтылады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер мәліметінше, шілдеде ылғалдылық Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жақын болады деп күтіліп отыр.

"Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысының Жангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында, сондай-ақ Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында, Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында да бірқалыпты құрғақшылық күтіледі", - дейді мамандар.

Ал қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін.

"Бірқалыпты ылғалдылық Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавл қаласында және Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында болжанады" - дейді синоптиктер.