Қазгидромет 12 мамыр күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с соғады.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
12 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік жүреді.
12 мамыр түнде Павлодар облысында кей жерлерде 1 градус үсік күтіледі, қүндіз солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 11-13 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. 11-13 мамырда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12-13 мамырда екпіні 25 м/с күтіледі.