19 там, 2020 сағат 15:51

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, 20 тамыз күні Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23 метр болады. 

Көкшетауда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Петропавлда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

20 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін барады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Қостанайда батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.